Ы. Алтынсарин атындағыоблыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Әдеби қиылыс» циклі аясында белгілі қостанайлық автор, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Александра Ильинична Сусловамен кездесу өтті. Кездесуге №1 мектептің алтыншы сынып оқушылары қатысты.
Балалар Александра Ильиничнаның «Два Даньки, Буран и скрипка» атты жаңа кітабының беттеріне қызықты саяхат жасады.
Александра Ильинична өзі туралы және шығармашылығы туралы айтып, өлеңдерін оқып, балалардың барлық сұрақтарына жауап беруге тырысты.
Кездесу өте әсерлі өтіп, барлық қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлады.