Жаз кеше ғана басталған сияқты еді, ал бүгін күнтізбеде 5 шілде де болып қалды. Олай болса, Кітапханаға келетін уақыттың дәл кезі... Сізді бұнда балалар кітаптарына, ертегі батырларына, ерекше мерекелерге және маңызды оқиғаларға байланысты ең қызықты сәттер күтуде! Бұл жер, ойын-сауық пен қуанышты күлкінің орны. Бүгінгі күнде бұған «Тек қана күлкі!» конкурстық-ойын-сауықтық бағдарламаға белсене қатысқан № 1 ОМ мектеп жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілері көздерін жеткізді. Балалар Н. Носов, В. Драгунский, С. Михайлков және Л. Каминскийдің шығармаларын қызықтап, мәз болып қана қойған жоқ, сонымен қатар өздерінің қызықты оқиғаларымен бөлісті. Көңілді сайыстарға қатысып, керемет көңіл-күй зарядын және бүкіл жаз бойына жақсы эмоциялар алды.
Достар, сіздер де бізге кітап оқуға- қызықты сәттерге бөленуге келіңіз!