2024 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы «Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ-де қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жыл сайын жүргізіледі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының бірі болып табылады.
Талдау кезінде бейіндік заңнамада және ұйымдық-басқару қызметінде персоналды басқару, мемлекеттік қызметтер көрсету, қаржы-шаруашылық қызмет, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және басқа да мәселелер кіретін түрлі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталады.
Егер сізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қандай да бір ұсыныстар, сондай-ақ Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы «Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ-де сіз білетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы мәліметтер болса, оларды электрондық мекенжайға жібере аласыз info@allib.kz.