«Дана ақын, дара ақын» Абай күні көрме-челледж

Fri, 09/08/2024 - 14:23 — Ольга А

Абай Құнанбаев – қазақтың ақыны, сазгері, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы және оның тұңғыш классигі. Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы, Шыңғыстау етегінде дүниеге келген.Қазақстан Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы қаулысына сәйкес қазақтың ұлы ақынының туған күні Қазақстанда ресми мереке болып жарияланды.

Осы айтулы оқиғаның құрметіне Ы.Алтынсарин атындағы кітапхана қабырғасында көрмемен бірлесіп іс-шара өткізілді. Бұл челленджге 7-9 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында балалар жазушы шығармаларының көрмесін тамашалап, Абай Құнанбаевтың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты. Сонымен қатар балалар ағылшын, фин, неміс, украин және испан тілдерінде жазушының өлеңдерін оқыды.

Іс-шараның өзі жағымды және жайлы атмосферада өтті. Соңында балалар «õzen» лейблі қатысушыларының орындауындағы музыкаға салынған Абайдың өлеңін тыңдады.


+ A -

Current Zoom: 120%

User login