Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 2024 жылғы 3-6 желтоқсан аралығында «Мейірімділік эстафетасы» облыстық фестивалін өткізеді.
Фестиваль 3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне арналған және Санкт-Петербургтің зағиптар мен нашар көретіндерге арналған мемлекеттік арнайы кітапханасы өткізетін халықаралық фестиваль аясында өткізілуде.
Фестивальдің басты миссиясы-мүмкіндігі шектеулі жандардың ыңғайлы әлеуметтік интеграциясы үшін көбірек жағдай жасау, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға көмектесу және кітапханаларға әртүрлі санаттағы келушілер үшін өз кеңістігінің қолжетімділігін көрсетуге мүмкіндік беру.
Облыс кітапханаларында ұйымдастырылған фестиваль іс-шараларына қатысуды ұсынамыз.
Фестиваль аясында арнайы және инклюзивті іс-шаралар өтеді: экскурсиялық интерактивті бағдарламалар, шығармашылық мастер кластар, акциялар, көрмелер және басқа да ойын-сауық-танымдық іс-шаралар.