“The best of the best”

Fri, 14/02/2025 - 15:07 — Ольга А

14 ақпанда біздің ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде 7 сынып арасында "Тhe best of the best" қалалық турнирінің екінші ойыны өтті. KAZGUU SCHOOL және №7 мектептерінің оқушылары ағылшын тілінде өзара жарысты.

Жарыс аясында балалар Ұлыбритания туралы: елдің қызықты фактілерінен бастап ағылшын жазушылары мен атақты мақал-мәтелдерден білімдерін тексерді.

Балаларға «Шын не өтірік» және «Басқатырғыш» сияқты байқаулар ұнады. Бірақ «Мухобойка» турнирі балаларға одан да ерекше көңіл күй сыйлады. Мұнда оқушылар сөздердің антонимдерін тауып, оларды қарсыласына қарағанда тезірек тауып айту керек. Балалардың керемет көңіл күйде болды.

Атмосфера шынайы болды: балалар жай ойнап қана қоймай, әр ұпай үшін алаңдап, өз топтарының жеңістеріне шын жүректен қуанды. Ойынның әр кезеңі нағыз сынақ болды, бірақ балалар оңай және тез жауап беріп отырды.

Іс-шараны қызықты аяқтағаннан кейін оқушылар валентиндік мадақтамалар, ал мұғалімдер алғыс хаттар алды. Балалар ризашылығын білдіріп, бізге қайта келуге уәде берді. Бізді қарап, жаңа турнирлерді қадағалаңыз - алда көптеген қызықты нәрселер болады.


+ A -

Current Zoom: 120%

User login