Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Ядросыз Қазақстан» атты бейбітшілік сабағы өтті. Іс-шараның мақсаты экологиялық проблемалар адамзатқа қауіп-қатер ететінін түсінуге ықпал ету, ұрпақ санасында бейбітшілік ұғымының терең қалыптасуына жол ашу, оқушыларға ядролық сынақтардың қорқынышты зардабын көрсетіп, ядролық қарудың адамдарға тигізер зардабы туралы айта отырып ой - өрісін кеңейту және Қазақстан қашанда ядросыз әлемді қолдайтындығы жайлы және экология тақырыбында әдебиетті насихаттау.
Қатысушыларға ядролық қару сынағы туралы көрсетілген бейнероликтер өте күшті эмоциялық әсер етті.
Іс-шараға 11 мектептің 6 сынып оқушылары қатысты.