Биыл ғалым, этнограф, ағартушы-педагог, жазушы, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл. 28 қарашада «Ұлы оқырман» атты «оқырман портреті» формасындағы іс-шара өтті. Іс-шараға ҚҚКСК-нің 1 курс студенттері қатысты. Ы. Алтынсарин қазақ-орыс мектептерінің, мектеп кітапханаларының негізін қалап, «Қазақ хрестоматиясын» құрды. Көрермен алдына ағартушы-педагог оқырман ретінде танылды. Ы.Алтынсариннің өмірлік формуласына айналған «Адамзаттың бүкіл өмірі кітапта дәйекті түрде жинақталады» деген, А. И. Герценнің сөздері оқылды. Ы.Алтынсарин К.Д.Ушинскийдің «Балалар дүниесі» кітабын аударып, оның ойларына жүгінді. Осыдан Ы.Алтынсариннің қаламгерлік қызметі басталады. Ол А.С. Пушкиннің, Навойдың, А.И.Герценнің, Фирдоусидің және т.б. кітаптарына педагог ретінде көбірек назар салған. Қатысушылар Ы.Алтынсарин білім алудың қажет екенін ашып көрсеткен «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін мәнерлеп оқыды. Іс-шара барысында «Ыбырай Алтынсарин – ұмытылмас тұлға» атты фильм көрсетіліп, Ы. Алтынсарин туралы, және ағартушы оқыған әлемдік орыс және шетел әдебиеті классиктері кітаптарына әдеби шолу жасады.
Ұлы оқырман
Tue, 29/11/2016 - 16:47 — julia