Нашақорлық — ортақ қасірет

Mon, 16/04/2018 - 11:01 — julia

Кейінгі жылдары жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын сақтауды насихаттау жөніндегі жұмыс жанданып келеді. Осыған байланысты есірткі мен ішімдікке деген тәуелділік ежептәуір азая түсті. Бізге педагогтерден жасөспірімдер арасында темекі тарту, маскүнемдік, нашақорлық және токсикоманияның алдын алуға және құлақтандыруға бағытталған мәліметтерді беру сұранысы келіп түсіп тұрады.

«Нашақорлық — ортақ қасірет» - деген тақырыппен 12 сәуір күні №1 мектеп-лицейдің 5 «г» сынып оқушыларының қатысуымен мектеп жасына дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде шок сабағы өтті.

Балалар өздерін белсенді, еркін ұстап, презантация слайдтарынан жанды әсер алып, кітапханашымен ынталана қарым-қатынасқа түсті.

Іс-шара соңында біз оқушылармен бірге «Біз — салауатты өмір салтын сақтаймыз!» деген сөз біздің ұранымыз болу керек деген шешімге келдік.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

User login