1 қазанда, Халықаралық сәулетшілер күніне орай, "Қостанай құрылыс колледжінің" сәулет бөлімінің 2 курс студенттері үшін «Что нам стоит дом построить» көрсетілім-көрмесі ұйымдастырылды.
Кітапхана ғимараты ХІХ-ХХ ғасырлардағы сәулет еткерткіші болып табылғандықтан, сонымен қатар кітапхананың құрылғанына 60 жыл толуына орай, Өнер бөлімінің қызметкерлері бұл мерекені Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жастар кітапханасына арнады. "Байырғы тұрғындар" Кузя мен Нафаня "бәрінің қалай басталғанын", 2009 жылы көпес Вороновтың шаруа мекеніне жөндеу жұмыстарының жүргізілгенін айтып өтті.
"Кітапхана үстімен виртуальді ұшып" болғаннан кейін, болашақ сәулетшілер дизайнерлердің, сәулетшілердің, құрылысшылардың жұмыс ауқымын көріп, бағалады. Олар кәсіби білім мекемесінен алған білімдері мен таңдаған мамандықтарының маңызы түсінуге көмегін беретін көрмеге қойылған әдебиеттердің білім жүгін толтырудағы маңызын бағалады.