2007 жылдан бастап Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізіліп келеді. Акцияның міндеті – қазақ әдебиетін насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Биылғы жылы қазылар алқасының шешімімен үш кітап таңдап алынды: Немат Келімбетов «Үміт үзгім келмейді», Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя», Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары.
24 қазанда ғылыми-көпшілік әдебиеттер бөлімінде Қостанай педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері үшін Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық» шығармасы бойынша талқылау-кездесуі өткізілді. Шәкәрім – философ, ойшыл, тарихшы, ақын, Абай мұраларының рухани мұрагері. Талқылау кезінде «Көзқарас» стратегиясы қолданылды. Студенттер еркін түрде осы философиялық шығарма туралы өз көқарастарын білдірді. Оларға жазылған анықтарды анықтауға КМПУ-нің қоғамдық тәртіп, құқық және экономика негіздері кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі Бухметова Анар Аманжолқызы көмектесті. Шәкәрімнің айтып кеткен анықтары өткен ғасырда да, қазір де өзекті деген тұжырымға келді.