Наурыз бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтың дәстүрлі мейрамына айналып отыр. Бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын.
Қыс пен жаздың халық санасындағы көрінісі кейбір ғалымдардың Наурыз мейрамының шығу тегін дуалистік теориядан іздеп, Жақсылық пен Жамандықтың, Қыс пен Жаздың, Суық пен Жылының, Қайырымдылық пен Қатыгездіктің күресінен туған деген ой қорытындылауына себеп болды.
Қазақтар Ұлыс күнін «жыл басы» санайды. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша, 21 наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн - «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр – адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып персонаж. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы – Қызыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен.
Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6-да себездеп атқан кезде біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3-ке тұспа-тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды 22 наурыз күнгі таңғы сағат 3-те қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітсе керек. Ұлыс келер түні Қызыр бабаға арналып әр үйдің төрінде қос шырақ жағылатын болған. Үй иелері бар ыдысты аққа, суға, «ырыс толсын» деп дәнге, «жауын-шашын көп болсын» деп бұлақ суына толтырады.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/22_nauryiz_2015/
Ересектер үшін:
-
Абдулло С. Наурыз туралы бірер сөз / С. Абдулло // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 24 наурыз. - Б. 10.
-
Алтынбек Р. Көктем келді: әңгіме / Р. Алтынбек // Балбұлақ. - 2009. - № 3. - Б. 3.
-
Арукенова О. Наурыз: фрагмент рассказа / О. Арукенова // Дорога без конца: юбилейный сборник прозы ОЛША, 2009-2019. - Алматы, 2018. - С. 23–30.
-
Бабалар сөзі: жүз томдық. Т. 90. Ғұрыптық фольклор / құраст. Қ. Алпысбаева және басқа; алғы сөз К. Матыжанов. - Астана: Фолиант, 2012.- 430,[2] б. - (Мәдени мұра).
-
Ғабдуллин М. Тұрмыс-салтқа байланысты туған шығармалар / М. Ғабдуллин // Ғабдуллин М. Он бір томдық шығармалар жинағы. 1 том. - Алматы, 2018. - Б. 63-128.
-
Ерғали С. Нау мен ырыс: пайымдама / С. Ерғали. - Алматы: Қазығұрт, 2011.- 184 бет.: портр.
-
Ерғали, С. Наурыз мейрамы - ынтымақ пен бірліктің кепілі: [көкейтесті көзқарас] / С. Ерғали // Жалын. - 2015. - № 3. - Б. 2-5.
-
Есей, М. Наурыз мерекесі / М. Есей // Жалын. - 2011. - № 3. - Б. 32-34.
-
Жүнісов Қ. Қ. Махаббат хикаясы: ересектер мен балаларға арналған ертегі / Қ. Қ Жүнісов // Алтын тұғыр. 3 том: Драма.- Алматы, 2019. - Б. 261-285.
-
Мұқаметқали Қ. Наурыз келді / Қ. Мұқаметқали // Тәтті алма. 2 том. - Астана, 2015. - Б. 227-228.
-
Негимов С. Наурыз - шығыс халықтарының ұлы мейрамы / С. Негимов // Негимов, С. Шығармалары: бес томдық. - Астана, 2018.- І том – Б, 233-238.
Осы мақаласында С.Негимов қазақ халқы ірі тұлғаларының сөздерін келтіреді:
«… Атақты педагог, оқымысты филолог, әдебиет теоретигі аудармашы, мысалшы, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы және журналист Ахмет Байтұрсынов :
Жұрттың күткен мінеки ықыласы.
Сәлем бердік. Жас Наурыз – жылдың басы.
Көжесін қып, күйбеңдеп, басын асып,
Бермек әркім барынша қонақасы.
... Көрнекті қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов: «Наурыз – мұсылмандықтан бұрын шыққан мейрам. Наурыз ел шаруасымен күн көріп, табиғат шарттарына тұрмысы көбірек байланысқан елдің тұрмысы тудырып отырған мейрам. Жұрт қысымшылықтан қысылып, малы жұт қауыпінен құтылып, аман қалған малы балалап, қорасы көбейіп жатқан, өздері егін шаруасына қам қылып, қасиетті жаз маусымында байлығын молайтудың, табиғаттың иіп тұрған кезінде қолынан келгенше көп өндіріп қалудың шарасын істеп, абыр-сабыр болып жатқан ел шаруаларының талабы қозған, ең көңілді уақыты – көктем. Сол көктемнің басы – Наурыз...»
-
Оразбекұлы, К. Ұлыстың ұлы күні: Наурыз құтты болсын / К. Оразбекұлы // Мөлдір бұлақ. - 2011. - № 12. - Б. 13.
-
Үркімбай Н. Мен... сырласамын: эсселер мен деректі әңгімелер / Н. Үркімбай - Алматы: Дәуір, 2020.- 335,[1] б.
Балаларға арналған:
-
Ахметова З. Наурыз - Жаңа жылымыз, жаңа күніміз! / З. Ахметова // Айгөлек. - 2015. - № 3. - Б. 16-17.
-
Әбішев Қ. Наурыз ертегісі: әңгімелер / Қ. Әбішев. - Алматы: Жалын, 1988. - 96 б.
-
Әбдіқадырова, А. Наурыздай ай қайда?! / А. Әбдіқадырова // Айгөлек. - 2012. - № 3. - Б. 6-7.
-
Жүнісов Қ. Қ. Махаббат хикаясы: ересектер мен балаларға арналған ертегі / Қ. Қ. Жүнісов // Алтын тұғыр. 3 том: Драма.- Алматы, 2019. - Б. 261-285.