"Терроризмге қарсы іс-қимыл" тақырыбына дәріс өткізу

Thu, 14/07/2022 - 08:52 — Ольга А

2022 жылғы 12 шілдеде ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері А.К. Бапинов Ы. Алтынсарин атындағы кітапхананың басшылығы мен қызметкерлері үшін оқу-профилактикалық іс-шара өткізіп, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістерді жеткізді. Бұдан басқа, ӘСО объектілері басшылығының терроризмге қарсы қорғалуын нығайту жөніндегі іс-шаралар үшін жауапкершілігі түсіндірілді.

Полиция подполковнигі А.К. Бапинов террористік сипаттағы қауіп төнген жағдайда ӘСО объектілері персоналының бірінші кезектегі іс-қимылдарын түсіндірді, сондай-ақ терроризм актісі туралы жалған хабарлағаны үшін адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға назар аударды.

"Бір қадам алға" бейнесабағы көрсетілді, онда жарылғыш құрылғыға ұқсас күдікті заттар табылған кездегі іс-қимыл алгоритмі көрсетілді.
Іс-шара соңында терроризм актісі қатері туындаған жағдайда іс-қимыл бойынша объектінің қызметкерлерімен сабақтар мен жаттығулар өткізу бойынша ұсынымдар берілді.


+ A -

Current Zoom: 120%

User login