Мектеп оқушылары экскурсияға келгенде кітапханашылар қашан да өте қуанышты. №27 мектептің 8 сынып оқушылары үшін көркем әдебиеттерге және ғылыми-көпшілік әдебиеттерге шолу-кездесу өткізілді. Заманауи жасөспірімдер кітаптары, сондай-ақ интеллект, логикалық ойлауды дамытуға көмектесетін және әртүрлі мектеп пәндері бойынша қосымша білім беретін танымдық және түрлі-түсті ғылыми кітаптары ұсынылды. Сондай-ақ, кітапханашылар ұлттық валютаның пайда болуы туралы айтып, теңге туралы шағын викторина өткізді. Балалар көптеген жағымды эмоциялар алды.
#гидқазақстанға #ГидПоКазахстану