«Түрлі-түсті палитра» сурет студиясындағы біздің оқырмандар (жетекшісі Гузеева Надежда Анатольевна) Ақмола облысы Щучинск қаласындағы балалар ақыны С. Г. Пономаревтың жариялаған акциясын қолдап, 43 сурет жіберді. Жіберілген суреттердің көбі «Одуванчики» және «Все цвета радуги» атты жаңа өлең жинағында басылатын болады. 30 наурызда Халықаралық балалар кітабы күнімен ұштастырылып, конкурсқа қатысушылар өнер секторында марапатталды. Осы жерде студиялықтардың «Әлем балалардың көзімен» атты сурет көрмесі ашылды және ол жылдық жұмыстың шағын ғана қорытындысы болмақ. Балаларды қолдау үшін олардың аналары, әкелері, әжелері мен аталары келсе, Балалар Музыка Мектебінің (жетекшісі Рачинская Светлана Игоревна) жас вокалшылары мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Балалар кітабына суретіңді сыйла» атты акция өтті
Wed, 05/04/2017 - 10:38 — julia