Жаңа жыл – үлпілдеген ұлпа қарымен, шырша қылқанының иісімен, әртүрлі ойыншықтар мен жылтырақтармен, әрине сонымен қатар, жаңа жылдық сыйлықтармен көмкерілген жадырап, жарқыраған мерекелердің бірі. Бұл күні балалар да, ересектер де ертегіге сенгілері келеді.
3 қаңтар күні кітапханамызда өткен «Жаңа жылдық кітапхана» алғашқы оқырмен мерекесі осындай ертегіге айналды.
Ғылыми-көпшілік әдебиеттері бөлімінде балалар үлкен қызығушылықпен суретжұмбақтар, басқатырғылар, қыс пен жаңа жыл туралы жұмбақтар шешті, «Что за матушка-зима!» жаңа жылдық виторинасына қатысты.
Ересек оқырмандарға қысқа байланысты сұрақтарға жауап беру ұсынылды: әдеби, жаңа жылдық киімдер мен мереке туралы, табиғат құбылыстары туралы. Оқырмандар үшін кітаптан жасалған шырша мүсіні нағыз тосынсый болды. Албырт аққала барлық оқырмандарды кітаптар мен журналдардан тәтті тағамдар дайындау жолымен танысуға шақырды. Алғашқы оқырмен мерекесінің соңында оқырмандарға фильмдер мен мультфильмдер көрсетілді, оның басты кейіпкері - осы жылдың символы қайырымды торай. Барлық қатысушылар тәтті сыйлыққа ие болды. Ересек оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде қайта тіркелуге келген оқырмандарды кітапханашылар сырнайдың дауысымен қарсы алды, келіп жеткен Жаңа жылмен құттықтады, Рождество мерекесіне арналған «Под сиянием рождественской звезды» көрмесіне назар аударды. Ал кіреберістегі кітап көрмесінде ғажайып Ақшақар барлығын қыс және қыс мерекелері туралы өлеңдер мен әңгімелер оқуға шақырып тұр. Шығармалар осы мезгілді әртүрлі қырынан көрсетеді: кейбір авторлар қыс пен оның қайталанбас сұлулығына тәнті болса, ал кейбіреулер бұл мезгілдің тек қана суықтығы мен ауырлығын байқайды. Бұл туралы көрме жанында оқырмандарға айтылған қысқа шолуда айтылды, ол жерде қыс мезгіліне деген ойлар да айтылды, викториналарға қатысты, естелелікке тілек жазылған ашықхаттар алды.