Сұлтанның аққу әні

Tue, 23/04/2019 - 09:31 — Ольга А

Әлем ержүректілік пен нәзіктіктен тұрмайды. Ол ұлы сезім мысалдарына бай.

«Қыз Жібек» эпосы — қазақ сипатының сиқырлы айнасы. Осы жарқын әрі драмалық сюжет опералық, драмалық, балет спектаклдерінде көрініс тапты. Ал қаншама көркемсурет, мүсіндеу, сәндік-қолданбалы өнер шығармалары керемет поэтикалық хикаядан шабыт алды десеңізші!

Бірақ 1970 жылы атақты қазақстандық режиссер Сұлтан Ходжиков түсірген «Қыз Жібек» фильмі нағыз жауһар болды. Темірдей мінез, жарқын сезім, еліктірер драмалық қайшылықтар — осылардың барлығын режиссер қайғылы махаббат, соғыс пен бейбітшілік туралы фильмде көрсете білді. Алайда киноклассикаға айналған осы картинаның жанкүйерлері оның көрермендерге қандай қиындықпен жол тартқанын білмейді. Фильмнің жарыққа шығу қиындығы туралы, басты рөлде ойнаған әртістердің тағдыры туралы ақпаратпен 15 сәуірде біздің республикамызда мерекеленетін Ғашықтар күніне орай өнер бөлімінде өткізілген „Сұлтанның аққу әні„ киносағатында «Зерек» колледжінің студенттері танысты.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

User login