Абай күні

Mon, 10/08/2020 - 09:11 — Ольга А

Абай өз ғұмырының ақырына дейін қазақ балаларын оқуға, білім-ғылыммен айналысуға, рухани дамуға және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын бойға жинауға шақырғанын білеміз. Дана ақын келер ұрпақты жат мінез-құлықтан аулақ болуға шақырды. Ұлы бабамыз ұлтының бүгіні мен ертеңіне, болашағына алаңдады.

Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік Туы төбемізде желбіреген кезеңде ұлы ойшылдың жауһар жырлары мен мазмұны терең ой-танымдарының құндылығы артып келеді. Бұл бүгінгі жаппай жаһандану дәуірінде де өте өзекті. Сол себептен қазақ халқына мұра боп қалған Абай шығармаларын біздер, өзіміз үшін өмірлік бағыт-бағдар етіп, ұлы тұлғамыз Абайдың әр сөзін, әр пенде сүйегіңе сіндірсе екен.


+ A -

Current Zoom: 120%

User login