Кітапханада Ғ. М. Мүсіреповтің 120 жылдығына орай «Көркем сөз шебері» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға 13 мектептің 7 сынып оқушылары қатысты. Қазақ әдебиетінде Ғ. Мүсіреповтің алар орны ерекше, оның қалдырған мол әдеби мұрасы ұлттық әдебиет үшін мақтаныш. Даналық пен ой еркіндігі «Ана туралы» балладасында ерекше көрініс табады. Ғ. Мүсірепов әйел-ана бейнесінің соңғы нүктесін «Ұлпан» романында (1972) айқын көрсетеді. Ғ. Мүсірепов бір кездері: «Он мыңдаған жыл бұрын сөнген жұлдыздар бар, бірақ олар әлі күнге жарқырап тұр», - деп айтқан болатын. Қазақ классикасының дүлдүлі Ғ. Мүсіреповтің осы сөзі оның өз шығармашылығына арналғандай.
Көркем сөз шебері
Wed, 06/04/2022 - 14:34 — Ольга А