20 наурызда кітапханада "Даналық пен білім күні", өткізілді. Көшпелі өмірдің қатал жағдайында қазақ халқында дене тәрбиесінің өзіндік жүйесі қалыптасты. Ол жүйе ептілік пен төзімділікті дамытуға, батырлық пен батылдықты тәрбиелеуге ықпал етті. Кітапханашылар ұлттық ойындардың тарихы туралы айтып беріп, содан кейін біздің кітапхананың оқырмандары жарысып, «арқан тарту», «асық» және, әрине, киіз үй жинау сияқты ойындарда өздерінің шеберліктері мен ептіліктерін көрсетті. Белсенді әрекеттенгендері үшін қатысушыларға ойын соңында тәтті дәм ұсынылды.