29-қаңтарда Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өнер секторында ұлттық кәсіби бейнелеу өнерінің көзін ашқан қазақ кескіндемешісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 110-жыл толуына орай ұйымдастырылған «Шебердің айрықша айшықтары» атты бейнелеу сағаты өтті.
Өз картиналарында өзі туралы, халқы туралы, Отанының жаңғыруы туралы суретші қаншалықты көлемді айта білгені жайында іс-шараға қатысқан Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің бесінші сынып оқушылары мәлімет алды. Балалар Ә. Қастеевтің керемет сурет көшірмелерін тамашалап, тіпті, Алматы қ. оның атымен аталатын Мемлекеттік өнер мұражайына виртуалды саяхат жасады. Сосын не болды дейсіздер ғой?! Сол күні балалар кітапхана оқырманы Алмат Тұрсынбаевтан графикалық шеберлік сабағын алып, өздерін кішкентай суретші ролінде сезіне білді. Алмат Қостанай педагогикалық институтының тарих және өнер факультетінде оқиды, ол өз болашағын бейнелеу өнерімен байланыстырады. Кім біледі, осы күн біреудің тағдыры үшін шешуші күн болған шығар!..
Алмат Тұрсынбаевтың түрлі жанрдағы суреттерінің көрмесіне шақырамыз.