30 қазан Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың 1-6 сыныптарға арналған бөлімінде «Бір - ел, бір - кітап» акциясының аясында Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасы бойынша ролді саяхат іс шарасы өтті. Шараға Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 6 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар автордың өмірбаяны мен шығармасына тоқталып, шығармасын талқылады. Оқушылар іс-шараның талапы бойынша автордың «Жусан иісі» шығармасымен алдын-ала танысып, іс шара барысында повесть бойынша құралған тапсырмаларды орындап, сол шығарма бойынша журналисттер, суретшілер, әдеби және психолог сыншылары болып, шығармаға ролді саяхат жасады. Журналистер басты кейіпкер Аянның ролін сомдап,сол Аяннан тікелей сұхбат алса, суретшілер шығарманы үлкен ватман қағазына түсіріп, салған суреттерін сөйлете білді, ал сыншылар повесті екі жақ болып талдап, ортаға салды. Шара барысында оқушыларды қызықтырған көптеген сұрақтар мен талдаулар көп болды. Шарада қолданылған әдіс түрі оқушыларға қатты ұнап, оқушылар өздерінің актерлік қабілетерін тамаша көрсетті. Шара соңында таңдау бойынша балаларға басты кейіпкерге хат жазу, не шығарманы өз қалауларынша аяқтау жұмысы тапсырылды. Бұл жұмыстың жеңімпаздарын сыйлықтар мен марапаттар күтетіні, сонымен қатар ең үздіктері кітапхананың «Ежик» журналына басылатыны айтылды.