«Назар аудар - кітап аймағы»

Tue, 17/11/2015 - 15:16 — julia

Қазан айы кітапханада «Назар аудар - кітап аймағы» деген атаумен жасөспірімдер кітабы күні өтті. Биылғы жылы квест-ойын түрінде өтіп, нәтижесінде біздің оқырмандар кітапхана бөлімдерімен, кітапқорларымен жақын таныса алды.

Сценарий бойынша қатысушылар кітап қорынан әлдеқашан жоғалған қолтаңбаларды табу керек болды.Ал оны табу үшін 6 стансаданөтіп, әр бөлімнен кітап шифрін алу керек. Барлығы 3 топ болды. Әр топ өз бағдар желісін алды. «Анықтама» стансасына қатысушылар анықтамалық әдебиеттермен танысып, энциклопедиялар мен сөздіктердің, анықтамалардың айырмашылықтарын білді. Балалар шифр бөліктерін алу үшін энциклопедияның көмегімен сөздерге екпін дұрыс қойып, осы сөздерге синонимдер тауып, энциклопедияның көмегімен сөздің мағынасы мен фразеологиялық айналымын түсіндіру керек.

«Фольклорлық» стансасында біздің оқырмандар түрлі-түсті қағаз, қарындаш және ермексаздың көмегімен атақты ертегі кейіпкерлерін бейнеледі. Олар: Бауырсақ, Ақшақар және Алтын балық болды.

«Қызық оқиғалы стансасында» қатысушылар көп қағаздан жасалған кемелері бар, үлкен қарақшылар сандығын кезіктірді. Әр кемеде жасырылған сұрақтар мен анаграммалар, мәтіннен алынған үзінділер болды. Ойыншылар міндеті - авторы мен қандай шығармадан алынғанын табу керек. Сұрақтар мен анаграммаларды ойыншылар тез тапқанымен, қай шығармадан алынған үзінді екенін табу оларға қиынға соқты.

Тағы бір станса «Детективті». Бұнда балалар әйгілі тыңшыларды еске түсірді. Өкінішке орай, детективті кітаптарды көп оқимыз дегенмен, Шерлок Холмсты ғана атады. Сонан соң Холмстың дедуктивтік әдісімен және қалталы лупа жұмбақтар шешті. Кішкене сыбыр көмектің арқасында барлық сұрақтардың жауаптары шешімін тапты.

«Шығармашылық» стансасында барлық қатысушылар өз сүйікті кітаптарын жарнамалау агентімен жұмыс жасады. Кейбіреулері өз кітаптарын жалғастырса, кейбіреулері «Бауырсақ» ертегісіне фанфик жазды. Өздері ұнататын кітаптарын жалғастыру идеясы көбін қызықтырып,қызықты өтті.

«Виртуалды» стансасы Интернетті жаулап алды. Бұнда балалар біздің кітапханамыздың электронды мекен - жайын тауып алулары керек болды. Бұл тапсырма бүкіл әлемдік желіде тез бағыт алатын жастар үшін ең оңайы болды. Осы жерде біздің кітапханамыздағы кез-келген кітапты тауып алуға көмектесетін электронды каталогпен таныстырылды. Барлық шифрлерді тапқаннан кейін, абонемент бөлімінен керек кітаптарын кітап қорынан іздей бастады. Ол кітаптар: Андрей Жвалевский мен Евгении Пастернактың «Смерть мертвым душам» болып,ал оның елесі Н. Гогольдің «Мертвых душ» кітабы екені анықталды.

Барлық ойын қызықты өтіп, топтар тапсырмаларды көңілді орындап, сұрақтарға белсенді жауап беріп, дедуктивті қабілеттері мен өз ойларының кеңдігін көрсетті. Оқырмандарды ерекше қуантқан жайт ол: кітапхана бойынша саяхат және кітап іздеу болды.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

User login