«Соғыс. Жад. Жеңіс»

Wed, 12/05/2021 - 15:37 — Ольга А

Ұлы Отан соғысы - өткенге ғана емес, біздің жаңа ұрпаққа да тиесілі ең үлкен тарихи оқиға. Бұл - өз Отанының абыройы мен тәуелсіздігін қорғаған барша халықтың жеңісі, демек, әрқайсымыздың өмірбаянымыздың бір бөлігі.
«Жанұя» отбасылық орталығының тәрбиеленушілері үшін «Соғыс. Жад. Жеңіс» кеш-реквиемі өткізілді. Балаларға соғыс уақытының қиын тағдырлары, фашистердің айла-амалдары мен қарапайым халықтың ерлігі туралы айтылды.
Лев Кассильдің «О мальчике Тишке и отряде немцев» әңгімесінен балалар немістерді қалың ұйық батпаққа апарып, бүкіл неміс отрядын жоя алған 10 жасар ержүрек және батыл бала туралы білді. Жас патриоттар балалардың ерлігі батылдыққа, табандылыққа және Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке үйретеді деген қорытындыға келді.
Соңында К.Паустовскийдің ертегісі бойынша «Солдатская сказка» мультфильмі көрсетілді.

#игіістерморофоны


+ A -

Current Zoom: 120%

User login