Қазақ тілінде алғаш фэнтези жанрына қалам тербеген жазушы - Рүстем Сауытбай. Кітапхана қабырғасында 10 сәуірде оқырмандар сүйікті жазушысымен онлайн-кездесуге мүмкіндік алды. Кездесуге қаламыздың М. Хәкімжанова атындағы №20 ЖББМ-нің 6 сынып оқушылары келді. Оқырмандар жазушыға кітап бойынша, жеке өмірі туралы, балалық шағы туралы әртүрлі сұрақтар қойды. Әңгіме барысында жазушының негізгі мамандығы математика пәнінің мұғалімі екенін білді. Бұл балалар үшін жаңалық болды. Іс-шара соңында Рүстем Серікұлы балаларға жақсы тілегін айтып, балалар да ол кісіге шығармашылық табыс тілеп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
«Таңғажайып Шоко»: Жазушы Рүстем Сауытбаймен онлайн-кездесу
Mon, 10/04/2023 - 13:54 — Ольга А