Жыл сайын 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі. Ақпараттық науқан мақсатында «Балалардың мүдделерін бірге қорғаймыз» атты кітап көрмесі дайындалды - оның негізгі мақсаты ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын қоса алғанда, балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ осы салада құқықтық ақпарат беру болып табылады.