Халықтар достығы – ұлы күш

Mon, 21/10/2013 - 14:58 — Айжан К

1992 жылдың 18 қазан күні Алматы қаласында алғаш рет Дүниежөзілік рухани келісім конгресі өтіп, онда түрлі дін конфессиялары, халықтар, ұлттар мен ұлыстар өкілдері бас қосты. Форумға қатысушылар қабылданған манифесте осы күнді келіспеушіліктер мен қақтығыстарға жол бермеу күні, тіл табысу күні, қайырымдылық күні және өзгеге қол үшін беру күні деп жариялауды ұсынды. Олар ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында бірлік пен ынтымақтастықта, достық қарым-қатынаста өмір сүрейік деген тілек білдірді.

Осы айтулы күн Халықаралық рухани келісім күні деген атпен тарихта қалды. Кеше осындай жарқын мерекеге орай 1-6 сынып оқушылары мен мектепке жасына дейінгі балаларға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Халықтар достығы – ұлы күш» атты ой толғау сағаты өтіп, оған №25 мектептің 5-сынып оқушылары қатысты. Балалар әңгімеге белсене араласып, қайырымдылық пен сыйластық, шыдамдылық пен кешірімділік, кең пейілділік пен әдептілік, қамқорлық пен мейірімділік қана ауызбіршілікте өмір сүруге ықпал етеді деген тоқтамға келді.


+ A -

Current Zoom: 120%

User login