Кәне көңілді отырайық

Сб, 05/05/2018 - 12:54 — admin

4 мамырда мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде кітапханамызға жаңадан келіп түскен, Дария Джумагельдинованың «Еркеғали есімді еркетай» атты кітабын таныстыру мақсатында кездесу өтті. Бұл таныстырылымға Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 5 сынып оқушылары қатысты. Кездесу «Қане, көңілді отырайық» деген ұранмен өтті. Шығарма өте қызықты, тартымды, көңілді жазылған. Балалар шығармамен танысып, 3 топқа бөлінді, өз көзқарастарын әртүрлі әдіс түрімен талдады. «Оқу үйірмесі» әдісінде оқушылар шығармадан үзіндіні дауыс ырғағына келтіре отырып, мәнерлеп оқу жарысына түсті. Ал «Үш қалпақты» әдіс түрінде, үш түрлі қалпақты кие отырып, шығарманың теріс және оң қылықтарын, отбасындағы апа мен інінің, әке мен ананың және әженің қарым-қатынастарына өз ойларын қосты. шығармадағы бас кейіпкер дәл өздері секілді бала болғандықтан, кездесу оқушылардың арасында үлкен қызығушылық танытып, өте қызықты, көңілді, жеңіл өтті. Барлығы 33 бала қатысты.

Фото


Zoom

Current Zoom: 120%

Послание 2023

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Вход в систему