Балалар деп соққан жүрегі

Втр, 30/10/2018 - 14:58 — admin

24 қазан мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына арналған қызмет көрсету бөлімі М. Әлімбаевтың 95 жылдығына арналған «Балалар деп соққан жүрегі» деген атаумен поэтикалық бұлақ көзін өткізді. Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 5-сынып оқушылары қатысты. Іс шара барысында оқушылар «Балдырған» журналының атасысының өмірімен танысып, өлеңдерін жарыса оқыды. Сондай-ақ республикалық балалар журналынан арналған танымдық сұрақтардан құралған «Балдыр-балдыр, балдырған» ойының қуана ойнап, білімдерін шыңдады. Қатысушылар өз еріктерімен Мұзафар аталарына арнап, «Үлгілі бала боламын» әнін шырқап берді. Кездесу соңында оқушылар Мұзафар атамыздың туған жеріне арнаған «Маралдым» әніне жазылған бейнебаянды тамашалады.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2024

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему