Ақша – ерекше әрі маңызды тарихи дереккөз. Олар бізге тарихи тұлғалардың портрет галереясын, әртүрлі ескерткіштердің суреттерін жеткізді, ондағы суреттерден мифологиялық, тұрмыстық көріністерді көруге болады. Қазақстандық мемлекеттік ақша – теңге болуы ерекше жағдай емес.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Ұлттық валютаның 25 жылдығына, 9 қарашада мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Туған күніңмен, теңге!» квест ойыны өткізілді. Квесттің қатысушылары №1 мектеп-лицейінің 4 „в„ және №14 мектептің 5 „в„ сынып оқушылары болды. Қатысушылардың алдында өз мемлекеттерін құру, валюта мен президент таңдау тұрды. Олар барлық тапсырмаларды сәтті орындады, әсіресе, „Тауар айырбастау„ сахналауы ұнады.
Мемлекеттік тілден жақсы білімдерін көрсеткен, «Сатып аламын - Сатып алмаймын» ойын түрінде өткізілген «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы ерекше есте қалды. Ең білімділері «Мемлекттік тіл» медалімен марапатталды.