Өмірі де, өнері де өнеге

Пнд, 28/01/2019 - 16:07 — admin

25 қаңтарда өнер бөлімінде қазақтың тұңғыш біртуар суретшісі, Шоқан Уәлиханов атындағы республикалық мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбілхан Қастеевтің - 115 жылдығына орай «Өмірі де, өнері де өнеге» атты деректемелік баяндама өтті. Осы іс-шара М. Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысуымен өтті. Балаларға, Ә.Қастеев шығармашылығы сан қырлы екенін айтылып, осы суретшінің туындыларымен танысты. Біздің бейнелеу өнерімізде кескіндеме сыни сурет саласының да тұнғыш тұсауын кескендердің бірі – Әбілхан Қастеев. Олар: Ш.Уәлиханов, Абай, Жамбыл Жабаев портреттері барын, ең үздік портреті А.Иманов портреті екенін айтылды. Суретшінің туындылары еліміздің көркем шежіресіне айналғанында құлақдар екенін білдірді. Балалар осы суретші туралы мағлұматты қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарына жауаптарын алып, көптеген кітаптарын көрмеден тамашалады.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Послание 2023

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Вход в систему