Қазақ әшекейлерінің сакралды мәні

Втр, 26/03/2019 - 09:43 — admin

Әшекей - киімді, тұрмыстық бұйымдарды безендіруге пайдаланылатын, сәндік үшін жасалынатын бұйымдар және зат, бұйымның бетіне салынатын ою-өрнек, түрлі нақыштар. Әшекейді әртүрлі материалдардан жасауға болады. Ертеде қыз-келіншектер алтын, күмістен жасалған әшекейлер тақса, қазіргі технологияның дамыған кезеңінде әртүрлі материалдардан жасалған әшекейлерді кездестіруге болады.

Біздің кітапханамыздың өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімінде „Қазақ әшекейлерінің сакралды мәні„ іс-шарасында фетрден әшекей бұйымдар жасап үйрену үшін ҚМПУ „Бастауыш білім беру әдістемесі„ факультетінің 3 курс студенттері келді. Іс-шара барысында кітапханашы фетрден ұлттық нақыштағы қамзол, алқа, білезік, шашбау жасау тәсілдеріне кеңінен тоқталып өтті. Соның ішінде қыздардың қалауымен, шашбауды тәжірибе жүзінде жасап шықты. Шашбау - қыз баланың шашымен қоса өрілген моншақты, зерлі, күміс шынжырлы әсемдік бұйым. Ертеде қыз баланың келе жатқанын шашбауының сыңғырынан алыстан білген. Қатысушы қыздар ойып жасаған бұйымдарын әсем тастармен, моншақтармен безендірді. Келесі келгенде қыздар қамзол жасап үйренеміз деген тілекпен тарқасты.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Послание 2023

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Вход в систему