10 сәуірде №15 бала бақшаның балғын оқырмандары үшін «Аптека чуткости и доброты» сабағы өткізілді. Балалар қолдан жасалған зымыранмен қайырымды істер мен сөздер бағыты бойынша мына бекеттерге аялдады: «Ертегі кейіпкерлері», «Сиқырлы сөздер», «Зерделі балалар». Балалар ойынға да белсене араласты: «рахмет», «өтінемін», «рақым етіңіз» сияқты сиқырлы сөздерді айтып шықты, Қызыл телпек, Белоснежка, Алдар Көсе сияқты ертегі кейіпкерлерін естеріне түсірді, Дымбілмеске жақсы істерді таңдауға көмектесті. Ғаламшардан үйлеріне оралғаннан кейін балалар мысық Леопольд туралы муьтфильмді тамашалады және оның сүйікті «Балалар, тату өмрі сүрейік!» сөзін дауыстап айтты.
Кішіпейілділік пен мейірімділік дәріханасы
Пнд, 22/04/2019 - 16:39 — Ольга А