«Оқырмандар чемпионаты» - осындай атаумен 15 қарашада Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында көркем әдебиеттер бойынша Халықаралық зияткерлік онлайн-ойыны өткізілді. Ойынға Челябі, Қостанай қалалары мен Ломоносов қаласы (Санкт-Петербург қаласының Петродворцовый ауданы) қатысты.
Қостанай қаласын ЧелМУ Қостанай филиялының студенттері таныстырды. Балаларға 14 әртүрлі конкурстар ұсынылды, онда өзінің білімділігін, жақсы есте сақтау қабілетін, логикалық тапсырмаларды шеше білу және логикалық тізбектегі артық бөлікті тез табу қажет болды. Кейбір қатысушылар үшін ең қиын сынақтың бірі "Ресейдің әдеби картасы" тапсырмасы болды, онда елді мекендердің атаулары бойынша қандай жазушы немесе ақын туралы сөз болып жатқанын білу қажет болды.
Соңғы тапсырма бейнеконференция болды. Бейнетіркеу әдеби шығармалар бойынша қойылған фильмдерден 10 шағын үзінділерді қамтыды. Балалардың міндеті авторды және фильм түсірілген шығарманың атауын табу болды.
Ойын қорытындысы:
Ломоносов қ. командасы– 1 орын.
Қостанай қ. командасы – 2 орын.
Челябі қ. командасы – 3 орын.