Бүгінгі сабақ тағы да жазға, теңізге және ғажайып құс фламингоға арналады Айтпақшы, сіздер білесіздер, бұл ғажайып құс жыл сайын біздің елімізге ұя салу үшін келеді. Қазақстанда Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы аймағындағы Теңіз көлінде қарапайым немесе қызғылт фламингоның ең солтүстік ұя салу аймағы орналасқан.
Сондықтан да біз Оксанамен бірге осы керемет құсты салып үйренетін боламыз. Бізге қажетті құралдар: гуашь, әртүрлі көлемді қылқаламдар және альбом парағы.