Ойла: Ұлы дала тұлғаларының даналық сөздері

Втр, 05/01/2021 - 10:05 — Ольга А

Сіздердің назарларыңызға жаңа кітаптар топтамасынан ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ ДАНАЛЫҚ СӨЗДЕРІ: Цитаталар жинағы, - деп аталатын кітаппен таныстырғым келіп отыр. Кітап Алматы қаласының «Ел-шежіре» коғамдық қоры баспасында, 2020 жылы шыққан. Таралымы 3000 дана.

Бұл кітапта көне заманнан қазіргі кезеңге дейінгі еліміздің аса белгілі тарихи тұлғаларының, оның ішінде ойшылдардың, би- шешендердің, ақын-жазушылардың, ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің еңбектерінен іріктелінген нақыл сөздер беріліп отыр.

Кітап әдебиеттанушыларға, мәдениеттанушыларға, журналистерге, саясаткерлерге, сондай-ақ қазақ мәдениеті мен тарихына үлкен қызығушылығы бар барша оқырман қауымға арналады.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2024

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему