Ұлы ұстаз-ағартушының 180 жылдығына арналған Ыбырай Алтынсарин мұрасын зерттеу бойынша ІІ облыстық ғылыми -зерттеу жұмыстарының финалы

Чт, 21/10/2021 - 10:08 — Ольга А

20 қазан Ыбырай Алтынсарин мұрасын зерттеу бойынша мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының ІІ облыстық байқауының финалы өтті. Іріктеу кезеңінде ең жоғары балл жинаған 15 бала финалға қатысты.

Оқушылар ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығының әр қырын терең зерттеп көп ізденген.

Байқауға ұсынылған тақырыптардың ішінде: «Қазақстанның білім беру кеңістігін қалыптастыруда Ыбырай Алтынсариннің рөлі», «Ыбырай Алтынсарин мен қырғыз оқырманы», «Ыбырай Алтынсариннің әдеби қызметі», «Ы.Алтынсарин поэзиясындағы табиғаттың сипатамасы», «Ы.Алтынсарин мектебінің бірінші түлектері, көрнекті тұлғалар», «Ы.Алтынсариннің эпистолярлық мұрасы» т.б.

Байқау Ыбырай Алтынсарин идеяларының бүгінгі күннің өзінде өзектілігін жоймайтынын, жас ұрпақтың бойында оның жеке басына деген қызығушылықтың өшпейтінін тағы да растады. Барлық финалистерге жұмыстары үшін рахмет.

Финалдың жеңімпаздарын құттықтаймыз, олар:

3 орын - Асель Шахатова, Рудный қ. «Ы. Алтынсарин поэзиясындағы табиғаттың сипаттамасы» ғылыми жұмыс

2 орын - Утилиева Айдана, Қостанай қ. «Ы. Алтынсарин поэзиясында түс туралы түсінігі және тілдің көркемдік мағынасы» ғылыми жұмыс

1 орын - Камила Карабаева, Қостанай қ. «Қостанайдың кітапханалық әлемі» ғылыми жұмыс

 Конференция соңында қатысушылар 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен, қатысушылардың сертификаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Ғылыми кеңесшілер алғыс хаттармен марапатталды.


Zoom

Current Zoom: 120%

Послание 2023

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Вход в систему