2021 жылды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Балалар мен жасөспірімдер оқуларын қолдау жылы деп жариялады. Еліміздің Президенті атап өткендей: «Заманауи әлемде кітаптар мен кітапханаларсыз адамның дамуы мүмкін емес, ал кітапханалар – бұл білім және мәдениет орталығы, жаңа идеялар орны». Жарияланған жыл жаңа жобалар мен байқауларға серпін берді. Біздің облыста 18 000 адам қатысқан мыңнан астам іс-шара өткізілді.
12 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылын, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығын мерекелеу аясында Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б. А. Есімованың қатысуымен «Кітапfest» атты кітаптың үлкен мерекесі өтті.
Мерекеге 2021 жылғы жарқын, ауқымды байқаулардың жеңімпаздары қатысты.
«Оқырман марафоны» байқауының жеңімпаздары – оқу чемпиондары Анастасия Китаева мен Полина Шевченкоға (Қостанай қ.) дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Сондай-ақ, Ыбырай Алтынсариннің мұрасын зерттеу бойынша оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының II облыстық байқауының лауреаттары дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды: 3 орынға – Шахатова Әсел (Рудный қ.); 2 орынға – Утилиева Айдана (Қостанай қ.); 1 орынға – Қарабаева Камила (Қостанай қ.). Жеңімпаздардың жұмыс жетекшілері Тулегенова Рымтай Мурзашевна, Смагулова Гулжазира Гинетовна, Багрий Юлия Анатольевна және Сейткожина Шолпан Курмангалиевна сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
«Алғашқы болып оқы» кітапханалық жаңа кітаптарға рецензия жазу байқауына 11 және одан жоғары жастағы үш жас санатында 20-дан астам адам қатысты. Жеңімпаздар: Нұртазина Аида (Қостанай ауданы), Бектенбетова Сабина (Қостанай ауданы), Құрманғазықызы Шапағат (Қостанай ауданы), Молдыбаева Азалия (Қостанай қаласы), Садықова Отаркуль Жұмабаевна (Қостанай қаласы), Лодянная Анастасия Викторовна (Қостанай қаласы), Ізтелеу Мамай Тұрысбекұлы (Б.Майлин ауданы), Бейсова Мөлдір (Қостанай қаласы).
Балалар мен жасөспірімдерге арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы Үздік әдеби шығарма республикалық байқауының жеңімпазы Жантемирова Дана Асадовнаға (Көкшетау қ.) 500 мың теңгенің дипломы мен сертификаты табыс етілді. Байқаудың балалар қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаз Суслова Александра Ильничнаға (Қостанай қ.) 300 мың теңгенің дипломы мен сертификаты табысталды. Байқауға қатысушылардың онлайн шығармалар жинағы Ы.Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапхананың сайтына орналастырылады.
Осы байқаулардың әрқайсысы кітап оқу мен кітап оқитын адамның мәртебесін арттыруға бағытталған. Еліміздің дамуы мен болашағы балалар мен жасөспірімдердің білімі мен рухани дамуына тікелей байланысты.
#Qazaqstan30