Өз жұмысына ең қысқа рецензияны Француз жазушысы Виктор Гюго алды: ол бір ғана сұрақ белгісімен шығармасын жіберген, онда ол романы ұнады ма деп сұрағандай еді. Баспадан дәл солай қысқа жауап келді – бір леп белгісі. Кітапта бәрі ұнаған кезде, артық сөздің қажеті жоқ. Егер онда даулы сәттер болса, баршаға мәлім шындықтар немесе жаңа және қорқынышты нәрсе болған кезде, «нүктелі таяшадан» да көп нәрсе жазу қажет болады. Мұны 2021 жылдың наурыз-қараша айларында өткен «Алғашқы болып оқы» байқауының қатысушылары дәлелдеді. Байқауға қатысушылар - біздің кітапхананың және Қостанай облысы кітапханаларының оқырмандары 2018-2020 жылдары шыққан кітаптарға рецензиялар жазды. Барлығы үш жас тобында 21 адам қатысты: 11-14 жас; 15-17 жас және 18 жастан жоғары.
Жеңімпаздардың жұмыстары
11-14 жас санаты тобындағылар:
Бектенбетова Сабина, 12 жас, Алтын дала ауылы, Қостанай ауданы, Марат Қабанбаевтың «Арыстан, мен, виолончель және қасапхана» повестіне рецензия.
Нургазина Аида, 14 жас, Васильевка ауылы, Қостанай ауданы, Лариса Романовскаяның «Удалить эту запись?» кітабына рецензия.
15-17 жас санаты тобындағылар:
Құрманғазықызы Шапағат, 15 жас, Айсары ауылы, Қостанай ауданы, Кәмел Жүністегінің «Сонғы абыз» кітапбына рецензия;
Молдыбаева Азалия, 15 жас, Қостанай қ., Андрей Жвалевскийдің және Евгений Пастернактың «Минус один» повестіне рецензия.
18 жастан жоғары жас санатындағы топ.
Садыкова Отаркуль Жумабаевна, 64 жас, Айсары ауылы, Қостанай ауданы, Әлібек Асқаровтың «Қиғаш хикаясы» кітабына рецензия.
Лодяная Анастасия Викторовна, 19 жас, Қостанай қ. Фредерик Бакманның «Медвежий угол» кітабына рецензия.
Қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз! Оларға ерекше пікір жазғандары үшін және басқа оқырмандарға осы кітаптарды ұсынғаны үшін алғыс айтамыз!