Балалар мен жасөспірімдерге арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы Республикалық үздік әдеби шығармалар байқауы

Чт, 03/02/2022 - 09:17 — Ольга А

Біз Балалар мен жасөспірімдерге арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы Республикалық үздік әдеби шығармалар байқауының ІІ маусымын ашамыз! Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған балалар жылына орай, Қостанай облыстық Қазақстан жазушылар Одағы филиалының қолдауымен Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы балалар мен жасөспірімдерге арналған II-ші Республикалық үздік әдеби шығармалар  байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

2022 жылғы қатысушыларға қойылатын талаптар:
*Байқау 2022 жылдың ақпан айынан қазан айына дейін өтеді.
*Бұрын жарияланбаған, балалар мен жасөспірімдерге арналған көркем прозалық шығармалар қабылданады.

* Жұмыс тілі - қазақ, орыс.
Қатысу үшін өтінімді электронды түрде толтырып, барлық қажетті құжаттарды тіркеу қажет.
* Толығырақ байқау ережесінен оқыңыз.

Барлық сұрақтар бойынша мына электрондық поштаға хабарласыңыз: albiblio@yandex.ru

#әдеби_байқау

#Қазақстанның_балалар_және_жасөспірімдер_әдебиеті

#ЫАлтынсарин


Zoom

Current Zoom: 120%

Послание 2023

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Вход в систему