Бүгін сіздердің назарларыңызға «Әдеби бағдарлама» жобасы аясында Әлдихан Қалдыбаевтың «Мен апамның баласымын» романын ұсынамыз. Романда соғыстан кейінгі қиын кезеңдегі ауыл өмірі, балалық шақ суреттеледі. Бас кейіпкері – Алданыш атты бала, жетінші сынып оқушысы. Алданышты кішкентай кезінен нағашы әжесі бауырына салып, өзінің туған әкесін - жезде, анасын - әпке деп өседі. Оқиғаның басым бөлігі Алданыштың төңірегінде өрбиді. Шығарма балалар мен жасөспірімдерге арналған, тілі - жеңіл, сюжеті - қызықты. Кітапханаға келіңіздер, оқыңыздар!
Әдеби бағдарлама: Ә. Қалдыбаев «Мен апамның баласымын»
Чт, 24/03/2022 - 09:10 — Ольга А