Хиуаз есімді аңыз

Чт, 05/05/2022 - 15:04 — Ольга А

Ұлы Отан соғысының кеңестік ұшқышы, штурман — атқыш, Қазақстанның Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына орай "Хиуаз есімді аңыз"атты бейне-презентация дайындады.

Аты аңызға айналған 46 - шы әйелдер түнгі бомбалаушы полкінің қатарында Хиуаз Каировна 300-ден астам әскери ұшулар жасады. Жауынгерлік тапсырмаларды Оңтүстік майданда, Солтүстік Кавказда, Закавказьеде, Украинада және Белоруссияда орындады.

«Егер бүкіл әлемнің гүлдерін жинап, оларды аяғыңызға қоюға болатын болса, онда біз кеңестік ұшқыштарға деген таңданысымызды білдіре алмас едік!» - деп жазды «Нормандия-Неман» полкінің Француз жауынгерлері.

Екі рет батыл ұшқыш қатты жарақат алды, бірақ қайтадан қатарға оралып, Берлин маңындағы Жеңісті қарсы алды.
Хиуаз Доспанова - соғыс жылдарында елді ерлікпен қорғаған, бейбіт уақытта тынымсыз еңбек еткен "Халық Қаһарманы" біздің жадымызда мәңгі сақталады.

#балалар_жылы


Zoom

Current Zoom: 120%

Послание 2023

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Вход в систему