Қостанайда Ыбырай Алтынсариннің ескерткіші ашылды.

Пт, 09/09/2022 - 11:26 — Ольга А

Бүгін, 9 қыркүйекте Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК-да қазақтың көрнекті ағартушысы, педагог-жаңашыл Ыбырай Алтынсариннің ескерткіші ашылды. Ескерткішті орнату бастамасын жерлесіміз Б.З. Жусупов көтерді. Бұл ұсынысты мәдениет басқармасы қолдады. Ескерткіш қайырымдылық көмек арқылы жасалған. Рәсім Ыбырай Алтынсариннің өлеңін оқумен басталды. Ескерткіштің ашылу салтанатына ақындар Серікпай Оспанов пен Ақылбек Шаяхметов, "Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы" ММ басшысы Ерлан Қалмақов, әріптестеріміз, қоғам өкілдері қатысты. Кітапхананың ішкі ауласы Ыбырай Алтынсаринді, оның әдебиетін және рухани мұрасын мәңгі есте сақтау үшін маңызды алаңына айналды. #балалар_жылы


Zoom

Current Zoom: 120%

Послание 2023

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Вход в систему