Қазақ халқының ұлы көсемі

Чт, 22/09/2022 - 16:30 — Ольга А

22 қыркүйекте кітапханада А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Қазақ халқының ұлы көсемі» атты зияткерлік ойыны өтті. Кездесуге №11 мектептің 8 «Ә», 10 «Ә» сынып оқушылары мен филология ғылымдарының профессоры, ибраевед, Қостанай қаласының белгілі ақыны С.Оспанов қатысты. Автор «Ұлт ұстазы», ​​«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» және басқа да кітаптарын таныстырды. Ойын 4 кезеңнен тұрды. Ойын барысында балалар тапқырлық танытып, Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білгендерінің бәрін еске алды. Кездесу А.Байтұрсыновтың «Бір күні бұлбұл құсты есек көрді» және Жадикова Дарияның «Ахмет Байтұрсынұлы» өлеңдерімен аяқталды. Сондай-ақ, С. Оспанов пен Д. Жадикованың орындауында күйлер шырқалды. #Байтұрсынұлы150 #балалар_жылы


Zoom

Current Zoom: 120%

Послание 2023

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Вход в систему