Күлімсіреу бәріне нұр әкеледі!

Втр, 04/10/2022 - 16:05 — Ольга А

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері үшін «Күлімсіреу бәріне нұр әкеледі!» атты библиотерапия түрінде іс-шара өткізілді. Бірлесіп қарау үшін презентация, әндер, бейне үзінділер дайындалды. Балалармен бірге эмоция түрлерін ажыратып, сүйкімді бейне үзінділерді тамашаладық, шығармалар мен мультфильмдердің басты кейіпкерлерінің күлкілерін еске түсірдік, жұмбақтар шешіп, ән шырқадық. Біз оқырмандарымыздың күлкілері үшін бәрін жасауға тырыстық! Ал шеберлік сыныбында көркем әдебиет секторында олар өздерінің смайликтерін жасады.

#марафондобрыхдел #балалар_жылы

#zhanashirzhurek


Zoom

Current Zoom: 120%

Послание 2023

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Вход в систему