Келе жатқан Әз - Наурызды тойлау мақсатында, біздің бөлімде шеберлік сабақ өтті. Ұлттық ою-өрнекті қолдана отырып, түрлі-түсті қағаздардан қазақтың киіз үйі мен тақиясын жасап шығардық. Тақия – қазақтың ұлттық киімінің бір бөлігі болып саналады. Ал киіз үй болса, көшпенділердің ыңғайлы шаңырағы болып саналады. Осындай нәрселер біздің қолымыздан шықты.