Ересек оқырмандар қатарына қабылдау

Пт, 26/05/2023 - 16:19 — Ольга А

26 мамырда жыл сайынғы дәстүр бойынша 6 сынып оқушыларын ересек оқырмандар қатарына қабылдау өткізілді. Іс-шараға Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернатының 6 сынып оқушылары келді. Оқырмандарды бөліммен таныстыру кезінде ұлы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына байланысты викториналық сұрақтар қойылды, жұмбақ жасырылып, пазл құрастырды. Және де «Отты көпіршік» зертханалық экспериментін жасады. Балалар жазғы каникулда кітапханаға келетіндерін айтып, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2024

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему