Ғылым бала көзімен

Ср, 12/06/2024 - 16:03 — Ольга А

12 маусым күні №9 мектебінің 2-3-3-4-5 сынып оқушыларының назарына  «Ғылым бала көзімен» атты библиосабақ өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты: балаларды қоршаған ортаны бағалауға, қорғауға, аялауға шақыру. Іс-шара барысында балалар ғылым мен ғалым сөзіне терең түсінік алып, «Негештер» зертханасында ауа, құм  және суға байланысты кішігірім зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тәжірибелер жасады. Әр сәтті өткен тәжірибені сол тәжірибеге байланысты ойын ойнаумен бекітіп отырды. Көбіне балалардың  қатысуларымен өткен библиосабақ балаларға танымды мол ақпарат беріп, тартымды әрі қызықты өтті.  Іс-шара соңына балалардың назарына «Ғылым» тақырыбына байланысты көптеген энциклопедиялық  кітаптар таныстырылып, алдағы жазғы демалыста оқуға ұсынылды.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2024

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему