Қазақстанда Отбасы күніне орай Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне «Отбасы - шабыт көзі» әдеби сағаты өткізілді. Бақыт отбасынан басталады! Әр отбасы ерекше, әрқайсысының өзіндік дәстүрлері мен ережелері бар. Сіздікі қандай болса да, онда махаббат, өзара түсіністік және бір-біріне деген құрмет басым болғаны маңызды. Іс-шара жылы, достық жағдайда өтті және дәстүр бойынша балалар өз қолдарымен құттықтау хатын жасаған шеберлік-сабағымен аяқталды.