Әрқайсымыз өмірде кездейсоқ оқиғаларға тап болып жатамыз. Біз, ересектер, бұл жағдайды шешу үшін бар амал тәсілді қолданамыз. Ал балалар осындай жағдайдан қалай шығатыны туралы ойлана қоймаймыз. Өйткені оны назардан тыс қалдырамыз. Расында, балалық шақта қандай қиындықтар болуы мүмкін?... Олар біз үшін еш маңызы жоқ болғандықтан, қолымызды бір сермеп, көңілімізді бөлмейміз, кей кезде әңгімені кейінге қалдырып, тіпті айқайлап алуымыз да мүмкін.... Соның кесірінен бала сенімнен айырылып, ішкі дүниесі құлазиды, қайғылы оқиғаға душар болады.
Қашанда көңілсіз, ренжіп, жақтырмай жүретін, бағалары нашар, артық салмағы да секпілдері де бар біздің әртүрлі балаларымыз туралы «Жанға жайлы жүздесу» кітапханалық клубы аясында өткен ата – аналармен болған кездесуде сөз болды. В. Крапивиннің, Ф. Бернеттің, К. ДиКамиллоның, А. Гавальданың, Д. Сабитованың т. б. шығармаларына қызықты шолу арқасында ата – аналар өз балаларын түсінуге, олардың ішкі толғаныстарын сезінуге, әрекеттеріне түрткі болған нақты себептерді анықтауға тырысып бақты.
Құрметті ата - аналар! Естеріңізде болсын, егер «Жанға жайлы жүздесу» кітапханалық клубында қажетті кітаптар оқып, басқа ата – аналармен әңгімелесіп, мамандармен кеңессеңіздер қандай да болса қиын, күрделі отбасылық жағдайдан жол тауып шығуға болады.